Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСенаттың жалпы отырысында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев Еуразиялық экономикалық одақта Қазақстан бұрын қол қойған келісімдерді өзгертуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жоғары палатада кедендік рәсімдер туралы заң жобасы қаралған. Сенат төрағасы талқылау барысында егер ЕАЭО аясында біздің еліміз қандай да бір шарттарға қол қойса, бұл болашақта оларды қолданғанда олардың Қазақстан үшін пайдасын қарап, талдаудың қажеті жоқ дегенді білдірмейтінін жеткізді.
Егер біз бір кездері қол қойған болсақ, біз бұл келісімдерді өзгертпеуіміз керек дегенді білдірмейді. Бұл қалай жүзеге асырылатыны туралы белгіленген тәртіп бар. Бұл сұрақтарды көтеру керек. Бастамаларды көтеру, талқылау, мүдделі мемлекеттік органдармен кездесуді жүзеге асыру керек. Содан кейін ұсыныстар жинап, сұрақтар қоюға болады, - деді Мәулен Әшімбаев.
Ол бұл - жұмыс процесі. Егер бір жерде біздің мүдделеріміз жеткіліксіз іске асырылып жатқанын көрсек, біз бұл мәселелерді басқа елдердегі әріптестеріміздің алдына шығаруымыз керек деп айтты.
Біздің ұстанымымызды ілгерілетуіміз қажет, - деді Сенат спикері.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді