Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіПолиция қызметкерлері қоғамдық орындарда бетті жабуға тыйым салу туралы түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Құқық қорғау органдары қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын анықтауға кедергі келтіретін киім элементтерін киюге тыйым салу жөніндегі заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Аталған тыйым Қазақстан Республикасының "Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" заңына енгізілген өзгерістер арқылы заңмен бекітілді. Бұл норма қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейтуге бағытталған. Соның ішінде адамның тұлғасын сәйкестендіру – құқық бұзушылықтың алдын алуда да, қылмысты ашуда да аса маңызды процесс. Полиция қызметкерлері тұрғындарға бұл тыйым тек бетті толықтай жауып тұратын киімдерге ғана қатысты екенін түсіндіруде. Ал жүзді жаппайтын діни киімдер бұл тыйым аясында қарастырылмайды. Сонымен қатар бұл шектеу ауа райының ерекшеліктеріне, медициналық көрсеткіштерге байланысты және заң талаптарына сәйкес қызметтік, еңбек міндеттерін орындау үшін, азаматтық қорғау мақсатында, сондай-ақ спорттық немесе мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысу барысында бет жабуға мәжбүр болған жағдайларға қолданылмайды.
Полиция қызметкерлері қабылданып жатқан шаралар азаматтардың құқығы мен бостандығын, оның ішінде діни сенім бостандығын шектеуге емес, тек қана қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталғанын ерекше атап өтеді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады