20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАзаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша экономилық тергеп-тексеру департаменті мен «Медицина Жастары» РҚБ өкілдері Интернеттегі алаяқтық схемалардың алдын алу бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ іс-шараға ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің, Астана қаласы Полиция департаментінің өкілдері қатысты.
Меморандумның мақсаты – жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, интернеттегі алаяқтық жағдайларының алдын алу, интернет-алаяқтыққа қарсы күресте жастар мен мемлекеттік органдарды, банк секторын жұмылдыру.
Осындай меморандумның бекітілуі – халықтың қаржы пирамидасы мәселесін түпкілікті жоймасақ та, оның деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Тек Астананың өзінде жыл басынан бері 5 мыңнан астам адам қаржы пирамидаларының құрбаны атанды. Жастармен, «Alayaq.net» қозғалысының еріктілерімен бірлесіп, роликтер, подкасттар түсіруді, кең аудиторияға алаяқтардың құрығына түсу қаупі туралы ақпарат беруді, өз жұмысымыздың нәтижелері, қаржы пирамидасының белгілері туралы айтуды, жұмысымызға блогерлерді тартуды жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Жаслан Аманбеков.
Өз кезегінде «Медицина жастары» РҚБ төрағасы Абылайхан Әбдіраш халықтың барлық санаттары үшін қаржылық сауаттылықты арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Біздің басты міндетіміз – кең аудиторияны қамту ғана емес, дұрыс ақпаратты жеткізу. Бұл ретте біз үшін құқық қорғау органдарының қолдауы өте маңызды. Елорданың Экономикалық тергеп-тексеру департаменті біздің еріктілерімізді, жастарымызды және қарт адамдарды оқытуға, дәріс шараларын, профилактикалық акциялар мен флешмобтарды өткізуге көмектескенін қалаймыз, - деді өтті Абылайхан Әбдіраш.
Ынтымақтастық аясында тараптар еріктілерді даярлау жұмыстарын, халықтың, оның ішінде жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге келісті.
Меморандум «Alayaq.net» жобасын іске асыру барысында 5 жылға бекітілді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?