Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӘділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығының басшысы Руслан Сатывалдиевке ұрлық жасады деген күдік тағылып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күдікке ілінген қаржы есірткіге қарсы күреске арналған мемлекеттік бағдарлама аясында қажетті жабдықтарды сатып алуға бөлінген. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Үкіметтегі брифинг барысында мәлімдеді.
Нақты соманы айта алмаймын, себебі адам әлі сот үкімін алған жоқ. Дегенмен бұл қаражат Сот сараптамасы орталығына қажетті жабдықтарды сатып алуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның аясында бөлінген болатын, – деді Ерлан Сәрсембаев.
Министрдің айтуынша, 2024 жылы есірткіге қарсы күреске арналған мемлекеттік бағдарламаға шамамен 3,8 миллиард теңге бөлінген.
Айта кетейік, ақпан айында Қаржы мониторингі агенттігі Әділет министрлігінің шенеунігін ұстағанын растады. Оған бюджет қаражатын жымқыру бойынша айып тағылуда.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді