Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікРесейдің Камчатка түбегінің шығыс жағалауында 6,3 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Біріккен геофизикалық қызметінің Камчатка филиалы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) зілзаланың қуатын 7,4 деп бағаласа, ал Камчаткадағы вулканология және сейсмология институты оны 7,7 магнитуда деп мәлімдеді. Эпицентр Петропавл-Камчатский қаласынан 111 шақырым қашықтықта, 39,5 шақырым тереңдікте орналасқан.
Жер сілкінісінен кейін Камчатка өлкесінде цунами қаупі жарияланды. Өңір губернаторы Владимир Солодов тұрғындарды Халактыр жағажайы мен цунами қаупі жоғары аймақтарда сақ болуға шақырды.
МЧС мәліметінше, Тынық мұхит акваториясындағы жер асты дүмпулері цунами толқынын тудыруы мүмкін.
Айта кетейік, осы жылдың 30 шілдесінде Камчатка маңында 8,8 магнитудалы жер сілкінісі болып, 1952 жылдан бергі ең қуатты зілзала тіркелген еді. Ол кезде Петропавл-Камчатскийде төтенше жағдай жарияланған болатын.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер