Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстан футбол федерациясы Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) бастамасымен FIFA Arena әлемдік инфрақұрылымдық жобасына қатысатын 11 елдің бірі болып таңдалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жоба аясында Қазақстан мектептерінде заманауи талаптарға сай 100 шағын футбол алаңы салынады.
FIFA Arena бағдарламасында әлем бойынша 1000 мектеп алаңы салынады деп жоспарланған. Әрбір алаңның өлшемі – 20 х 40 метр және ФИФА бекіткен соңғы техникалық талаптарға сай болмақ. Бұл бастама балалар мен жасөспірімдерге қолжетімді, қауіпсіз әрі сапалы инфрақұрылым қалыптастыруды көздейді.
FIFA Arena жобасы бойынша жасанды жамылғының жаңа түрі қолданылады. Бұл алаңда резеңке ұнтағы қолданылмайды, сондықтан экологиялық жағынан тиімді, күтіп-баптау жеңіл және балалар үшін қауіпсіз болмақ.
Мектептер тізімі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп бекітіледі. Жасыл алаңдардың құрылысы екі жыл ішінде аяқталмақ. Алғашқы нысандар Хромтау мен Көкшетау қалаларында бой көтереді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады