20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін Талғар қаласында Қазақстан футбол федерациясы академиясына FIFA Talent Academy мәртебесін беру рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы ҚФФ-ға сілтеме жасап.
Қазақстан футбол федерациясы FIFA таланттар академиясы мәртебесіне ие болған әлемдегі сегізінші қауымдастық, ал УЕФА-дан екінші ұйым атанды. Жоба ҚФФ мен ФИФА-ның жас футболшыларды халықаралық стандарттарға сай дайындауға бағытталған тығыз әріптестігінің нәтижесінде жүзеге асып отыр.
Салтанатты шараға ФИФА-ның ғаламдық даму директоры Стивен Мартенс, ҚФФ бас хатшысы Давид Лория, Қазақстандағы ФИФА таланттар жаттықтырушысы Виталий Астафев, FIFA High Performance жобасының басшысы Ульф Шотт, ФИФА аңызы, Франция құрамасы сапында әлем және Еуропа чемпионы Кристиана Карамбе, отандық футбол ардагерлері мен академия тәрбиеленушілері қатысты.
ФИФА президенті Джанни Инфантино бейнеүндеу жолдап, жас ойыншыларға арналған жобаның маңызын атап өтті.
Іс-шараның ресми өкілдері сөз сөйлегеннен кейін ФИФА өкілдері ҚФФ басшылығына FIFA Talent Academy мәртебесі берілгенін айшықтайтын арнайы белгіні табыстады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?