20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекДинара Құлыбаеваға қатысы бар Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаржылық есептілік депозитарийіндегі ақпаратқа сәйкес, енді университеттің жаңа иесі - Қайтарылған активтерді басқару компаниясы. Бұл компанияның жалғыз құрылтайшысы және қатысушысы – Қазақстан Үкіметі. Университеттің акционерлік құрамындағы өзгерістер 27 ақпанда ресми тіркелген.
ҚБТУ 2001 жылы 3 тамызда Қазақстан Үкіметінің қаулысымен құрылған. Қазақстан тарапынан құрылтайшысы – Үкімет, ал уәкілетті органы – Білім және ғылым министрлігі. Британ тараптан университеттің серіктестері Ұлыбритания елшілігі мен оның негізгі өкілі Британдық кеңес болды.
2003 жылы университет "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының меншігіне өтті, сол кезде компания университеттің жалғыз акционері болған. 2018 жылы жекешелендіру бағдарламасы аясында ҚБТУ Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры қарамағына өтті. Қордың құрылтайшыларының бірі – Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаева.
2023 жылы шілде айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы заңға қол қойды. Ол кезде бұл механизм ірі коррупцияға ұшыраған тұлғалар мен әкімшілік-билік ресурстары бар олигополия топтарына қолданылатыны айтылған еді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?