Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«Қазпошта» АҚ басшыларының жоғары жалақысы жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде тараған мәлімет бойынша, компанияның басшылық қызметте отырған адамдары 3,5 млн теңге айлық алады.
Кейбір ауылдық жерлердегі пошташылар 20 мың теңге алса, орталық аппараттағы басшылық құрамның айлығы 3,5 млн теңгені құрайды. Ал компания төрағасы Әсел Жанасова компанияда бес басшы – өзі және төрт орынбасары барын айтқан болатын. Шын мәнінде, бастықтар саны 9 болып шықты, оның ішінде алтауы басқарма өкілдері, - делінген мәліметте.
Тараған мәтінде «Қазпошта» қызметкерлері төмен айлыққа шағымданған. Төраға ең төменгі жалақы 35 мың ал ең жоғары жалақы 500 мың теңге деген, алайды шағымданушылар бұл жалған деп отыр.
Олар 20-дан астам адам 1 млн теңден 3 млн теңгеге дейін жалақы алады дегенді алға тартты.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек