Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2 тамызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ бұрынғы басқарма төрағасы О. Ағабековке қатысты үкім шығарды. Ол «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ-ның Дубай қаласында (БАӘ) экологиялық іс-шараны ұйымдастыру кезінде жалпы сомасы 121,6 млн теңгеге ақша қаражатын жымқырғаны, көміртегі бірліктерін сатып алу-сату шартын тіркеуге жәрдемдескені үшін кәсіпкерден 35 млн теңге мөлшерінде пара алғаны, сондай-ақ жалпы сомасы 8,2 млн теңгеге басшы құрамға заңсыз сыйақы бергені үшін сотталды.
Ағабековке мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша экология және табиғи ресурстар вице-министрі толық емес қызметтік сәйкестік түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды