22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев ҚХР-ға сапары барысында Huawei компаниясының Бейжіңде орналасқан зерттеу және әзірлеу орталығында (R&D) болып, «Huawei Middle East & Central Asia» вице-президенті Ван Шунлимен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар қос компанияның ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Ван Шунли Huawei компаниясының телекоммуникация, жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар, заттар интернеті және цифрлы энергетика саласындағы жетістіктерін баяндады.
Д.Макеев өз кезегінде өндіріске цифрлы шешімдерді енгізу ҚМГ-нің басым міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Ұлттық компания қазірдің өзінде «Huawei Fusion Module 1000A» контейнерлік деректер орталығын қолданады. ҚазМұнайГаздың еншілес кәсіпорындары да қытай компаниясының жабдықтарын (коммутаторлар, радиорелелік жүйелер, WiFi контроллер, қосылу нүктелері, телефон станциялары, IP-телефондар, серверлер және т.б.) кеңінен пайдаланады.
ҚМГ басшысының орынбасары қазақстандық мұнай-газ операторының Huawei-мен өзара байланысты арттыруға дайын екенін жеткізді және қытайлық әріптестердің Қазақстандағы өкілдерін Астанадағы ҚазМұнайГаз кеңсесіне цифрлы диспетчерлік-талдау орталығының қызметімен танысуға шақырды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев