Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАбай облысында пробация қызметкерлері көпбалалы отбасылардың балаларына жаңажылдық көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жаңа жыл қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Абай аудандық пробация қызметкерлері есепте тұратын көпбалалы отбасыларының балаларына жаңа жылдық көңіл-күй сыйлап, тәттілер табыстады.
Қазіргі таңда Абай аудандық пробация есебінде 14 сотталған есепте тұр. Есепте тұрған азаматтарға қайрымдылық көрсетіп, аяғын шалыс басқандандарға қол үшін созу – пробация қызметінің басты міндеті. Себебі осы арқылы сотталғандар қоғаммен араласуға бейімделеді.
Бұл көмекті қуана көрсетеміз, өйткені Жаңа жыл қарсаңында әрбір адам ғажайып күтеді. Балаларға қай кезде қуаныш сыйласақ та көптік етпейді, – дейді пробация қызметкері Т.Смағамбетов.
Біздің балаларға қуаныш сыйлаған Абай аудандық пробация қызметінің қызметкерлеріне алғысым шексіз. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтінтұяқ болмайды» демекші, жоқшылықтың кесірінен қателік жасадым. Әрине, өзімнің қателік жасап, заң бұзғаныма өкінемін. Балаларымның тәрбиелі, өнегелі болып өсуіне бар күшімді саламын, – деді есептегі сотталған.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер