Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСиноптиктердің болжамы бойынша 28 сәуірде еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Спикердің сөзінше, атмосфералық фронталды бөлімдермен солтүстік және оңтүстік өңірлерінде найзағаймен жаңбыр жауады. Оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, оңтүстік-шығыста кей уақыттарда қатты жауын-шашын жауады.
Еліміздің батысына, шығысына, орталығына антициклон әсер етеді, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ, оңтүстігінде дауыл, шаңды дауыл, оңтүстік-шығысында тұман түсуі ықтимал. Жамбыл облысының түнде шығысында, таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі, - деді Алина Исмагулова.
Ал Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Жетісу облысының солтүстігінде, Абай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?