20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазгидромет алғаш рет метеорологиялық деректер базасына қолжетімділікті ашады, деп хабарлайды El.kz Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
2022 жылдың желтоқсан айынан бастап «Қазгидромет» РМК сайтында «Метеорологиялық деректер базасы» атты жаңа бөлім ашылуда https://meteo.kazhydromet.kz/database_meteo_kz/.
Бұл бөлімде ауа мен топырақтың температурасы, ауа ылғалдылығы, желдің жылдамдығы мен бағыты, атмосфералық қысым, бұлттылық, жауын-шашын, атмосфералық құбылыстар, қар жамылғысы және күн сәулесінің ұзақтығы туралы құрылымдық ақпараттың жинағы қамтылған.
Базаға «Қазгидромет» РМК метеостанциялары орындаған, 2000 жылдан бергі деректер жүктелген. Метеорологиялық бақылау желісі үздіксіз мониторинг жүргізетін, республиканың бүкіл аумағында орналасқан 347 метеорологиялық станциядан тұрады.
Жиналған барлық ақпарат анықтамалық электрондық база түрінде қол жетімді. Пайдаланушы 2000-2021 жылдар аралығындағы объективті және нақты ақпаратты ала алады. Аталмыш ақпарат жинағы құрылыс және көлік компанияларының жұмысын жеңілдетіп, есептеу мен талдауға көмектеседі, өйткені мұнда желдің күші, жауын-шашын мөлшері, белгілі бір елді мекендердегі төмен және жоғары температура туралы нақты мәліметтер қамтылған. Пайдаланушыларға қолайлы болу үшін ақпарат толықтырылады және қажет болған жағдайда өзгертіледі.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?