Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСиноптиктер 1 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялап, еліміздің алты өңірінде ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде таңертең және күндіз көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 15-20, кей уақыттарда 25 метрге дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болып, облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Атырау облысының батысында тұман болады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (негізінен жаңбыр), көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?