Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМәжілісте журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Qazcontent акционерлік қоғамының ұжымы «Парламент сөзі» арнайы сыйлығына ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов «Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары мен барша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады.
Журналистер күні тек сіздердің ғана мерекелеріңіз емес, бұл – күллі қоғамның мерекесі. Себебі, қоғамды сіздерсіз, БАҚ өкілдерінсіз елестету мүмкін емес. Біздің жұмысты насихаттап, елге заңдардың мәнін түсіндіретін де сіздер. Сол үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және шығармашылық табыс тілеймін, – деді Палата Спикері.
Qazcontent акционерлік қоғамының құрамына кіретін ақпарат агенттіктері Сенат пен Мәжілістің отырыстарынан жылдам хабар таратып, депутаттар көтерген өзекті мәселелерді дер кезінде жарыққа шығарады.
Qazcontent акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Бекзат Жүсіп бұл жеңіс мықты ұжымның арқасы екенін атап өтті.
Баршамызға мереке құтты болсын. Кәсіби мерекелердің ішінде журналистердің мерекесіндей кең көлемде аталып өтетін мереке жоқ шығар. Сондықтан біздің өкпеміз болмауы керек деп есептеймін. Еңбегімізді елеп жатқандарыңызға алғыс айтамын. Бұл ортақ жеңіс. Мықты ұжымның арқасы. Сондай-ақ үш қызметкеріміз мемлекет тарапынан берілген баспанаға ие болды, - деді басқарма төрағасы Бекзат Жүсіп.
Мереке қарсаңында пәтер кілтіне қол жеткізген қызметкерлер қатарында фотограф Бауыржан Жуасбаев, BAQ.kz ақпараттық агенттігінің бас редакторы, үш баланың анасы, үнемі күлімдеп жүретін Мөлдір Бекбергенова, ұзақ жылдан бері компанияның дизайнері қызметін атқаратын Яна Смолярова бар.
Оқи отырыңыз:
Айта кетейік, биыл парламенттік сыйлық сегізінші рет тапсырылып отыр. Құрамында Мәжіліс депутаттары мен мемлекеттік орган өкілдері кіретін комиссия шешімі бойынша осы жылы жеңімпаздар жеті номинация бойынша сайысқа түсті.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді