20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған челлендж бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақтың қыз-келіншектері шашқа сән беріп, оюланған шашбау, күмістелген шолпы таққан. Білім алушылар барша қазақ аруларын шашбау мен шолпы тағуға шақырды, делінген ақпаратта.
Айта кету керек, ұзын шаш қазақ түсінігінде өте киелі саналған. Сондықтан халқымыз қыз баланың бұрымды болуына, жинақы жүруіне мән берген. Ұлттық әшекей саналатын шашбау мен шолпыны тағудың өзіндік ерекше мақсаты да болған.
Қоңыраулы шолпы таққан қыздар қатты күлсе, оқыс қозғалса, шолпы сыңғырлайтын болған. Осылайша, бұл әшекей қыздардың көркем мінезді, сыпайы болуына әрі ауыр шолпы арқаны түзу ұстап, сәнді жүруге әсер еткен. Шашбау мен шолпыны шаш ұзын болып өсуі әрі өте жинақы тұруы үшін таққан, - дейді Қызылордалық студенттер.
Шашбау сыңғырынан үйге бойжеткеннің келе жатқаны белгілі болған. Сондықтан үлкендер жинақталып, қыз баланың көзінше қатты сөйлемеген, тек өнегелі тәрбиенің үлгісін көрсеткен. Ұлттық мәдениетімізді жаңғыртуға бағытталған челленджге аз уақытта өзге де ЖОО-лар қолдау білдірді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?