Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстанда биылғы 3 айдың ішінде 4 мыңнан аса интернет алаяқтық тіркелді,деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай мәлімдеді.
Ресми мәліметке сәйкес, алаяқтардың құрбаны болған адамдар 3 миллиард теңгеден астам шығынға батты.
Алаяқтық жасаудың ең көп тараған тәсілі – онлайн сауда, ол белгілі сауда алаңдарының сайттарында, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарнамаларды орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Алаяқтар тауарға немесе қызметке төмен баға көрсетіп, алдын ала төлемді немесе толық төлемді сұрайды. Биыл осындай 2 мыңнан аса қылмыс тіркелді, - деді Жандос Сүйінбай.
Жалпы, алаяқтардың құрбаны болмау үшін бірнеше қарапайым сақтық шарасын ұмытпау керек.
Олар:
- тексерілген жарнама сайттарын пайдалану;
- тауарды алғаннан кейін төлем жасау;
- тауардың бар екеніне көз жеткізу.
Ал сатушы басқа қалада болса, тауарды таныстар немесе туыстар арқылы жіберуді сұрауға болады.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады