20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Жапония Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия бойынша арнайы өкілі, Елші Масаки Ишикаваны қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында тараптар аса жоғары және жоғары деңгейдегі сапарларға, сондай-ақ бірлескен іс-шараларға ерекше назар аудара отырып, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері бойынша «сағаттарын теңестірді».
Сұхбаттастар өңірлік ынтымақтастыққа, әсіресе «Орталық Азия + Жапония» диалогы аясында оң әсер ететін екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының өзара іс-қимылын жоғары бағалады.
Сонымен қатар сауда-экономикалық, көлік-логистика, экология және ауыл шаруашылығы салаларындағы ағымдағы жобалар талқыланды. Осы орайда өзара тиімді әріптестікті ілгерілетуге ықпал ететін Қазақстан мен Жапонияның Үкіметтік және жекеменшік секторларындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясының маңыздылығы аталып өтті.
Стратегиялық серіктестікті нығайту бойынша алдағы қадамдар тұрғысынан екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге баса назар аударылды. Сондай-ақ тараптар мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастардың негізгі аспектілерін, соның ішінде Қазақстанның Осакадағы ЭКСПО-2025 дүниежүзілік көрмесіне қатысу мәселесін қарастырды.
Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?