Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыBoxrec.com сайты 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық үздік боксшылардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақпараттың жазуынша, рейтингтің бірінші орнын Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) иеленді. Қазіргі таңда ол орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы болып қала береді. Алайда жуырда ол допинг дауына іліккен. Егер боксшының кінәсі дәлелденсе, оған дисквалификация мен чемпиондық белбеулерінен айырылу қаупі төніп тұр.
Қазақстандық үздік үш боксшылардың қатарына сондай-ақ Сұлтан Заурбек (20-0, 13 KO) пен Жанқош Тұраров (29-0, 20 KO) енді.
Ал үздік ондықтағы өзге спортшылар мыналар:
Данияр Елеусінов (13-0, 8 KO),
Бек Нұрмағанбет (15-0, 13 KO),
Бекман Сойлыбаев (21-1, 12 KO),
Батыр Жүкембаев (24-1, 17 KO),
Руслан Мәдиев (18-2-1, 6 KO),
Ельшат Нығметолла (21-0-3, 8 KO),
Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 KO).
Бұған дейін қазақстандық Махмұд Сабырхан World Boxing ұйымы жариялаған байқауда жылдың үздік боксшы атағына ие болды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді