20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжіліс түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Келісімге сәйкес түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасында теміржол, су және автомобиль көлігімен жасалатын жүк тасымалы көлемі ұлғайтылады.
Бұл келісім 2022 жылы 11 қарашада Самарқанд қаласында жасалған. Ол Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан арасындағы көлік-транзит әлеуетін және сауда-экономикалық қатынасты одан әрі дамытуға бағытталған. Тараптар өзара ынтымақтасып, жүк тасымалдауды ілгерілетуде қолдау көрсетеді, - деді Мәжілістің жалпы отырысында көлік министрі Марат Қарабаев.
Келісімнің нормаларын іске асыру мақсатында Түркі елдері арасындағы тасымалдауды дамыту жөніндегі Бірлескен комитет құрылады.
Министрдің сөзінше, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше-мемлекеттер арасындағы жүк тасымалдау көлемі 35 млн тонна құраған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 20%-ға артық (31 млн тонна).
Келісімді қабылдау Қазақстан арқылы транзиттік жүк тасымалдау көлемін одан әрі арттыру үшін алғышарттар жасап, елдің көліктік-транзиттік әлеуетін дамытуға оң әсер береді. Тұтастай алғанда, заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де салдарларға, сондай-ақ қаржылық шығындарға әкеп соқпайды, - деді министр.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?