2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрЕгін жинау науқаны Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Абай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Шығыс-Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкентте басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР АШМ мәліметінше, елдің барлық аймақтарында жаппай егін жинау тамыздың үшінші онкүндігінде басталып, қарашаға дейін жалғасады. Орташа өнімділік гектарына 14 центнер болғанда 1079,6 мың тонна астық бастырылды.
Егін жинау науқанын өткізу үшін 426 мың тонна арзандатылған дизель отынын бөлу жоспарланған. Бүгінгі таңда 78,2 мың тоннасы төленіп, шамамен 45,7 мың тонна жөнелтілді.
Биыл Энергетика министрлігі уәкілетті орган ретінде МӨЗ-ден дизель отынының сату бағасын тоннасына 284 мың теңге деңгейінде бекітті. Жеткізу жөніндегі операторлардың шығындарын ескере отырып, фермерлер үшін орташа баға литріне 269 теңгені құрайды, бұл нарықтық құннан 9% төмен.
Облыстардың әкімдіктері жоспарлы режимде астық сақтау қоймаларының дайындығын қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстарды істеп жатыр. Элеваторлардың ағымдағы қуаты 29,9 млн тоннаны құрайды, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында – 13 млн тонна, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде – 16,9 млн тонна.
Осылайша, сақтау қуаттылығының көрсетілген көлемі өткен жылдардағы ауыспалы қалдықтарды ескере отырып, болжамды егінді сақтау үшін жеткілікті.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова