Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПольшаның Быдгощ қаласында шахматтан қыздар арасындағы 2023 жылғы командалық әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасы әлем додасының күміс жүлдесін иеленді. Финалда қазақстандық шахматшылар Грузия құрамасына есе жіберді. Шешуші кезеңнің алғашқы матчында Қазақстан – 1,5-2,5, екінші матчында – 0,5-3,5 есебімен жеңіліп қалды.
Ұлттық құрама сапында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова және Әмина Қайырбековалар өнер көрсеткенін айта кетейік.
Қола медальді Франция құрамасы иеленді. Олар қола медаль үшін ойында АҚШ шахматшыларынан жеңді.
Турнир 2007 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Бірақ Қазақстан бұған дейін ширек финалдан әрі асып көрген емес.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді