19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты Қазақстанның сәулетшілер одағымен бірлесіп, еліміздің жаңа Қала құрылысы кодексінің жобасын әзірлеуге арналған кеңесті өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Аталған жиында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры Бегман Құлбаев жаңа заң жобасының құрылымын қатысушыларға ұсынып, оны әзірлеу бойынша атқарылған жұмыстардың қазіргі жағдайына тоқтала келе сәулетшілердің кәсіби қауымдастығы осы маңызды құжатты дайындауға атсалысады деген үмітте.
«Сәулетші – құрылыс процесінде маңызды рөл атқаратын тұлға. Бас сәулетшілер институты дамыған өңірлер қалалық инфрақұрылымды құру бойынша ең тиімді шешімдер мен жүйелі қадамдарды жасаумен ерекшеленеді. Сол себепті сәулетшілердің мол тәжірибесі мен ой-көзқарасы жаңа кодексті әзірлеуде аса қажет. Неге десеңіз, оның негізінде тұтастай отандық құрылыс саласының қызметі айқындалады», деді Б.Құлбаев.
Осы ретте Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты сарапшы мамандар мен іскерлік орта өкілдерімен аталған мәселеге байланысты тұрақты негізде жұмыс кездесулерін өткізіп келе жатқанын айта кетейік.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары