20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҰлттық статистика бюросы Қазақстан аймақтарында қанша ер мен әйел тұратыны туралы статистика жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалар мен ауылдардағы халық саны туралы мәліметтер де ұсынылды. Қазақстанның әйелдер көп тұратын аймағы – Алматы қаласы. Жыл басында қалада 1 192 870 әйел болған. Өз кезегінде ерлердің ең көп саны – Түркістан облысында тұрды, 1 092 059 адам.
Жалпы, 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда 9 815 465 ер адам және 10 280 498 әйел адам болған. 12 513 014 қазақстандық қалада, 7 582 949 адам ауылда тұрады.
Қала халқының ең көп үлесі Қарағанды облысы (81,7 пайыз), Ұлытау облысы (79,2 пайыз) және Ақтөбе облысында (75 пайыз), ең азы – Алматы (16,1 пайыз), Түркістан (24,7 пайыз) және Жамбыл (43,5 пайыз) облыстарында.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?