30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЭлектрмен жабдықтауды қалпына келтіру ақау оқшауланғаннан кейін бірден басталды. Сағат 16:10-да «Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік» бағытындағы 500 кВ транзит қалпына келтірілді. Бірнеше минуттан кейін Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесі Орталық Азияның энергожүйесімен қайта синхрондалды. Сағат 17:00-ге қарай тұтынушыларға қойылған шектеулер толығымен алынды. Дегенмен Алматы мен Алматы облысында жекелеген қалпына келтіру жұмыстары кейінірек жалғасты.
Қазір мамандардың назары апаттық теңгерімсіздіктің себептері мен оқиғаның қалай өрбігеніне аударылып отыр. Энергетика саласының және бизнес өкілдерінің пікірінше, жағдайға түпкілікті бағаны тек техникалық тексеру нәтижесінде беруге болады. Алайда қазірдің өзінде қорғаныс жүйелерінің қалай жұмыс істегенін және энергожүйені қалыпты режимге қаншалықты жылдам қайтаруға мүмкіндік болғанын бағалауға болады.
«КОРЭМ» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Рахимовтың пікірінше, апаттық жағдайда диспетчерлік орталықтар, электр станциялары мен желілік компаниялардың үйлесімді жұмысы шешуші рөл атқарған.
Энергожүйе бөлінгеннен кейін апатқа қарсы автоматика ақауды оқшаулап, жүйені қалпына келтіру жұмыстарына кірісуге мүмкіндік берген.
«Кеше еліміздің оңтүстігінің энергожүйесінде елеулі технологиялық бұзушылық болды. Электр энергиясының өшу ауқымы айтарлықтай болғанымен, қалыпты режимді қысқа мерзімде қалпына келтіруге мүмкіндік туды. Энергожүйе бөлінгеннен кейін апатқа қарсы автоматика бұзушылықты оқшаулады, ал мамандар схеманы қалпына келтіруге кірісті. Сағат 16:10-да 500 кВ "Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік" транзиті қалпына келтірілді. 16:26-да біздің энергожүйе Орталық Азияның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен қайта синхронды жұмыс істей бастады. Осыдан кейін тұтынушыларға қойылған шектеулер толығымен алынды. Оқиғаның себептерін, апаттық теңгерімсіздіктің туындау ретін анықтап, қорғаныс пен автоматика элементтерінің жұмысын бағалау үшін бұл жағдайды жеке кәсіби тұрғыдан талдау қажет. Сол сәтте станцияларда, қосалқы станцияларда, диспетчерлік орталықтар мен желілерде жұмыс істеген әріптестерге кәсіби еңбегі үшін алғыс айтқым келеді», – деп жазды Қайрат Рахимов Facebook парақшасында.
«Атамекен» ҰКП басқарушы директоры Жақып Хайрушев те жедел қызметтердің апаттық режимді қысқа мерзімде еңсергенін атап өтті.
Оның бағалауынша, апатқа қарсы автоматика іске қосылғаннан кейін жүйені қалпына келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп, тұтынушыларға қойылған шектеулер сол күні алынды.
«Энергетика министрлігі, Жүйелік оператор, электр станциялары мен желілік ұйымдар апаттық режим кезінде жеткілікті түрде жедел жұмыс істеді. Апатқа қарсы автоматика өз функциясын орындап, бұзушылықтың әрі қарай өрбуіне жол бермеді. Энергожүйені қалпына келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілді: сағат 16:10-да 500 кВ "Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік" транзиті қалпына келтірілді, 16:26-да Қазақстанның БЭЖ-і Орталық Азияның энергожүйесімен синхрондалды. Осыдан кейін тұтынушыларға қойылған шектеулерді алу жалғасты. Сағат 17:00-де оларды толығымен алып тастау туралы тапсырма берілді. Сонымен қатар 1000 МВт-тан астам жүктеменің ажыратылуы мұқият талдауды қажет етеді. Орталық Азияның БЭЖ-дегі апаттық теңгерімсіздіктің себептерін анықтап, процестің өрбуін, қорғаныс пен автоматика жүйелерінің жұмысын және "Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік" транзитінің тұрақтылығын бағалау қажет», – деді ол.
Қоғам белсендісі Жұмабек Жанықұлов болған жағдайдың тағы бір қырына назар аударды. Оның пікірінше, кешегі апат энергетика саласында бірнеше жыл бойы қабылданған шешімдердің, соның ішінде автоматика мен қорғаныс жүйелеріне қатысты жұмыстардың нақты сынағы болды.
«Шынымды айтсам, кейде Үкімет пен ірі квазимемлекеттік компанияларды қатты сынаймын. Мүмкін, кей жерде дұрыс, кей жерде бұрыс шығармын. Бірақ кеше үлкен жүйелі жұмыстың нәтижесін көрдім. Жылдар бойы автоматикаға, қорғанысқа және апатқа қарсы жүйелерге жүйелі түрде қаражат салынып келді. Дәл осындай сын сәтте оның барлығы өз функциясын атқарды. Әйтпесе халық, бизнес және ел үшін салдары мен шығыны орасан зор болуы мүмкін еді. Сондықтан бүгін Үкіметтің, "Самұрық-Қазынаның", KEGOC компаниясының және энергетиктердің еңбегін ерекше атап өткім келеді. Мұндай жүйелер көптеген жылдар бойы қабылданған шешімдер мен инвестициялардың нәтижесінде қалыптасады», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды