20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанның кәсіпқой футбол лигасына мүше клубтардың шешімімен Рафаэль Гарибян ҚКФЛ президенті болып сайланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ҚКФЛ мәліметінше, Рафаэль Эдуардович Алматыда дүниеге келді. Ол - «Цесна» түлегі, Қазақстанның жасөспірімдер құрамасында ойнаған, Халықаралық бизнес университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы Лондонда алған «спорттық менеджмент және бизнес футбол» мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие.
Рафаэль Эдуардович менеджерлік мансабын «Цесна» клубында бастады. Аталмыш клубта балалар мен жасөспірімдер футболының коммерциялық стратегиясын жүзеге асырды. Сонымен қатар «Қайрат» футбол клубында маркетинг және стратегиялық даму жөніндегі директор лауазымында жұмыс тәжірибесі бар. Сондай-ақ «Қайрат» ФК спорт директоры, «Қайрат-Мәскеу» ФК басшысы және «Шахтер» ФК-да әкімшілік қызметте қызмет атқарды.
Қазақстандық футболдың жаңа стратегиясын әзірлеу жобасын әзірлеуге атсалысты. Соңғы уақытта Қазақстан футбол федерациясының Техникалық директоры қызметін атқарды.
Бұған дейін ҚКФЛ президенті қызметін атқарған Рохус Шох бүгіннен бастап ҚКФЛ президентінің кеңесшісі қызметіне ауысады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?