30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, театр және кино саласының белгілі актрисасы Лидия Кәден Құрылтай сайлауына қатысып, таңдау жасады.
Өнер иесі №101 сайлау учаскесіне келіп, дауыс беру арқылы азаматтық ұстанымын білдірді. Лидия Кәден мұндай маңызды саяси науқанға әр азаматтың белсенді қатысуы елдің болашағы үшін маңызды екенін атап өтті.
Әрқайсымыздың дауысымыз маңызы деп білемін. Себебі біз елдің алдағы даму бағытына әсер ететін шешім қабылдаймыз. Құрылтайға кімдердің өкілдік ететіні де халықтың таңдауына байланысты. Еліміздің болашағы жарқын, халқымыздың берекесі мен бірлігі баянды болсын, – деді Лидия Кәден.
Актрисаның пікірінше, Құрылтай сайлауы азаматтардың ел өміріне араласуына және көзқарасын білдіруіне мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық-саяси науқан.
Сондай-ақ, Лидия Кәден жас буынның ел болашағына белсенді араласып, қоғамдағы өзгерістерге бейжай қарамауы қажет екенін жеткізді. Оның айтуынша, елдің ертеңі әр азаматтың бүгінгі жауапты таңдауынан басталады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды