Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАбай және Павлодар өңірлерінде адамды құлдыққа жегу фактілері тіркелген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов айтты. Абай облысында полицияға 1973 жылы туған, психикалық ауытқуы бар ағасының із-түзсіз жоғалып кеткені туралы арыз түсті. Сол мәліметті тексеру кезінде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екі адамды ұстады. Олар жәбірленушінің байланыс құралын тартып алып, өзін Семейден алып шығып, 200 шақырым жердегі шаруа қожалықта еңбекке салған.
Оны үш апта бойы еркінен тыс ұстаған және үй шаруасына жеккен. Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 128-бабы бойынша тіркелді. Зардап шеккен адам туысқандарына қайтарылды, - деді департамент бастығы.
Оның сөзінше, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мамандары Павлодар облысында да еңбекке мәжбүрлеп тартудың жолын кескен.
36 жастағы ер адамды күш қолданамыз деп қорқытып, жақындағы елді мекеннен 60 шақырым жердегі аңшы үйіне алып кеткен. Оның мойнына қарыз іліп, екі жыл бойы еңбегін қанаған. Қазір еңбегін қанау мақсатымен адамды бас бостандығынан заңсыз айыру фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр, - деді Қанат Нұрмағамбетов.
Зардап шегуші туыстарына қайтарылды
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады