10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстанның бірқатар аймақтарында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Синоптиктердің болжамынша, Талдықорған қаласы мен Жетісу облысында 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Сонымен қатар, желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді.
Атырау, Абай және Жамбыл облыстарында тұман түсіп, көріну қашықтығы төмендейді. Бұл өңірлерде сондай-ақ жоғары өрт қаупі сақталып отыр.
Орал қаласында, сондай-ақ Павлодар, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында да тұман түседі деп күтілуде.
Ал Ақтау, Атырау, Жезқазған, Шымкент және Түркістан қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау, Ұлытау және Түркістан облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Мамандар тұрғындарға ауа райының өзгерістеріне мұқият болып, жолда сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді