Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен республикалық Бас мешітте «Білімді ұрпақ – ел келешегі» қайырымдылық жобасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен жыл сайын балаларға сыйлықтар үлестіріп келеді. Ізгі үрдіс бүгін елордадағы республикалық Бас мешітте жалғасын тапты.
Бас мүфти оқушыларға қажетті құрал-жабдық толығымен салынған мектеп сөмкесін табыстады.
Оның сөзінше, былтыр «Мектепке жол» акциясы аясында оқушы балаларға 21 000 сөмке табысталса, биыл осы уақытқа дейін 18 000 сөмке берілді және жоспар бойынша оқуға қажетті жабдықпен толтырылған сөмкелер алдағы уақытта да беріледі.
«Мектепке жол» дәстүрлі қайырымдылық акциясы биыл 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында өткізіледі. Біздің бір баланы демеп, бір баланы мектепке дайындауымыз мүмкін болашақта бір ғалымды дайындағанымыз шығар. Жолын ашып, жағдайын жасасақ ол да риза болары хақ. Акциядан алыс болмай, барынша үлес қосайық. Үлес қосқан азаматтарға алғыс білдіреміз, – деді Наурызбай қажы.
Бүгін демеуші азаматтардың қоладуымен 1500 оқушыға мектеп жабдықтары мен сөмке үлестірілді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?