Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанның әйелдер құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде Арменияға есе жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Арменияның Армавир қаласында өткен ойында құраманы алаңға Бибігүл Нұрышева бастап шықты. Сондай-ақ Германияның «Турбине Потсдам» клубының шабуылшысы Әмина Бибосынова ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын өткізді.
Бас бапкер Мадияр Кембілов алаңға мына құрамды шығарған болатын:
Ангелина Портнова (қақпашы);
Мария Демидова;
Анастасия Низамутдинова;
Камила Құлмағамбетова;
Аида Гайстенова;
Бибігүл Нұрышева;
Әсем Қаражанова;
Қазына Норбаева;
Светлана Бортникова;
Әмина Бибосынова;
Әселхан Тұрлыбекова.
Алаң иелері ойынды сенімді бастап, алғашқы таймда есеп ашты. Анна Даллакян 13-минутта мергендігімен көзге түссе, екінші таймның басында құрама капитаны Марал Артин пенальтиден есепті ұлғайтты.
Қазақстан құрамасы қарсылас қақпасына қауіпті шабуылдар жасағанымен, бірде қақпашы орнынан табылса, енді бірде соққы қиыс кетіп жатты. Дегенмен ойынның 70-минутында Камила Құлмағамбетованың алыстан тепкен соққысы қақпадан табылып, есеп айырмашылығы қысқарды. Өкінішке қарай, осы есеп матчтың соңына дейін сақталып қалды.
Енді құрамамыз 4 мамыр күні Алматыда қарымта кездесу өткізіп, кеткен есені қайтаруға тырысады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?