23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстанның авиация саласының мамандары ТЖМ авиация «Қазавиақұтқару» алаңында ұшу қауіпсіздігінің деңгейін талқылау және арттыру, Airbus Helicopters тікұшақтарын пайдаланушылар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мақсатында бас қосты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ авиациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Safety Road Show семинары Airbus Helicopters қызмет көрсету орталықтарының арасында жыл сайын өтеді.
Safety Road Show 2024 қатысушыларға әртүрлі практикалық сабақтар, дәрістер, презентациялар мен пікірталастар ұсынды, білім мен тәжірибе алмасуды ынталандырды. Кәсіби жаттықтырушылар мен ұшу қауіпсіздігі бойынша сарапшылар қауіпсіздіктің ең жақсы тәсілдерін жасауға және ұшу кезінде қиын жағдайларды шешуге көмектесетін интерактивті сессия ұйымдастырылды.
Safety Road Show 2024 ұшуларындағы қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына ұмтылатын Қазақстанның жетекші авиациялық ұйымдары мен компанияларының өкілдерін біріктірді. Оның ішінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігі, «Қазавиақұтқару» ТЖМ авиациясы, DalaAir, AeroExpert, Қырғыз Республикасының ТЖМ жанындағы авиациялық іздестіру-құтқару қызметі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе қорғанысы күштері бар.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады