Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекСенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжаты шеңберінде ҚР Қорғаныс министрлігінің Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету орталығының, Қарулы күштер Әуе қорғанысы күштері мен Құрлық әскерлерінің өкілдері Дания Корольдігінің аумағында инспекция жүргізді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Инспекцияланатын ауданда алдын ала хабарлауға жататын әскери қызметтің, ірі әскери оқу-жаттығулардың бар-жоғын тексеру үшін қазақстандық әскери сарапшылар инспекцияланатын ауданның үстімен ұшып өтті.
Дания Корольдігі Қарулы күштері Құрлық әскерлері мен Әскери-әуе күштерінің әскери нысандарына барған кезде Вена құжатының ережелеріне сәйкес инспекторлар армияның ұйымдық құрылымы, жеке құрамның саны, қару-жарақ пен әскери техниканың негізгі жүйелерінің саны туралы бөлім қолбасшыларынан толық ақпарат алды.
Инспекция ынтымақтастық пен транспаренттілік жағдайында өтті. Қазақстанның инспекциялық тобы Вена құжаты шеңберінде халықаралық міндеттемелердің толық орындалғанын растады және инспекция жүргізуге көрсеткен көмегі үшін Дания Қарулы күштерінің өкілдеріне ризашылығын білдірді.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес