Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыUSTEM Foundation қоғамдық қоры Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен робототехника бойынша өңірлік іріктеу чемпионатын өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ұлттық кезеңге өңірлік іріктеулерге қатысуға еліміздің барлық мектептерінің оқушылары мына санаттар бойынша шақырылады:
Еске сала кетсек, өткен жылы жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 мыңнан астам оқушы қатысты. Хьюстонда өткен әлемдік кезеңге 50-ге жуық қазақстандық оқушы барып, елге үш бірдей жүлде алып келген болатын.
FIRST in show чемпионатының жаңа маусымы өнер тақырыбына арналған және STEM арқылы оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған. Ұлттық чемпионатқа біз командаларды екі кезеңде іріктейтін боламыз: әлеуметтік желілер арқылы онлайн іріктеу және өңірлік іріктеу жарыстары өткізіледі.
Биыл Қазақстанның барлық 17 облысында және республикалық маңызы бар 3 қалада өңірлік іріктеу жүргіземіз. Сондай-ақ ауыл мектептерінің оқушыларына ерекше назар аударғымыз келеді», - деді USTEM Foundation қорының негізін қалаушы Нұрдәулет Досмағамбет.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді