Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСҚО прокуратурасы «Халық кеңесінің» үш өкілі екі айға қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Естеріңізде болса, 19 наурызда Солтүстік Қазақстан университетінің колледж ғимаратында «Халық кеңесі» тобына қатысушылар облыс орталығының 20 азаматынан тұратын топтың жиналысы өткізіп, олар өздерін Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ізбасарлары деп жариялаған болатын. Тіпті олар Қазақстан Республикасынан тәуелсіз «Халық кеңесін» құру туралы бастама көтерген.
Қылмыстық істің жиналған материалдары негізінде «Халықтық кеңестің» үш мүшесінің әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180-бабы 2-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату және Қылмыстық кодекстің 179-бабы бойынша мемлекеттің қауіпсіздігін ыдыратуды үгіттеу бойынша сарапталған, - делінген баспасөз парағында.
Осы іс бойынша 20 сәуірде Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты ұсталған үш адамға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды.
Тергеу жалғасып жатыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді