Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСапар алдында әуежайда шекара қызметкерінен «Сізге шығуға тыйым салынған» деген суық хабар есту – демалыстың да, іскерлік жоспардың да күл-талқанын шығаруы мүмкін.
Ал себеп – кейде көзге көрінбейтін, бірақ салдары ауыр 157 мың теңгелік қарыз ғана. El.kz интернет порталы ұсынған мақаладан сіз өз статусыңызды қалай оңай әрі жылдам тексере алатыныңызды білесіз.
Finratings.kz мәліметінше, бұл шектеудің адамды жазалау емес, қаржылық міндеттемелерді орындауға итермелеу: қарызды қайтару, айыппұлды төлеу, алименттерді немесе сот шешімдерін орындату мақсатында қойылған.
Көпшілік бұл шара тек ірі берешегі барларға қатысты деп ойлайды. Бірақ бұл — қате түсінік. Заңға сәйкес, шектеу сомасы бар болғаны 40 АЕК-тен басталады.
2025 жылы 1 АЕК = 3 932 теңге. Яғни:
40 × 3 932 = 157 280 теңге.
Мынадай жағдайлар тыйым салуға себеп бола алады:
Жақсы жаңалық: бүгінде бұл шектеуді тексеру өте оңай және тек 5 минут уақытыңызды алады. Заңгерлер екі ресми және сенімді әдісті ұсынады:
1. eGov.kz порталы арқылы
2. eGov Mobile қосымшасы арқылы
Жоқ. Бұл жерде маңызды бір қате түсінік бар. Қарызды жапқаннан кейін сот орындаушысын міндетті түрде хабардар ету қажет. Ол арнайы қаулы шығарып, шектеуді алып тастауы керек. Бұл қаулы электронды түрде Шекара қызметіне жолданады.
Бұл процесс бірнеше күнге созылуы мүмкін. Сол себепті әуежайда шұғыл түрде қарыз төлеу – еш нәтиже бермейді.
Бес минуттық тексеріс — мыңдаған теңге мен жүйкені сақтап қалатын ең тиімді әрекет. Саяхаттан, іскерлік сапардан немесе жай ғана еркіндіктен айырылмау үшін, қаржылық гигиенаны ұмытпаңыз.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді