Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстаннан Өзбекстанға Халықаралық Қызыл кітапқа енген альбинос жолбарыс питонды сөмкеге салып алып өтпек болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ташкент облысы кеден департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта тергеуге дейінгі тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады:
"Гишт-Куприк" шекаралық кеден бекетінде Қазақстаннан кірген ер адамның сөмкесін бақылау-рентгендік жабдықтың көмегімен тексеру кезінде жылан табылды, бұл туралы ауызша хабарламада хабарланбаған. Кедендік декларацияда бауырымен жорғалаушылар да көрсетілмеген".
Бұл жылан Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілгендіктен, оны Өзбекстанға әкелу үшін халықаралық рұқсат қажет. Алайда ер адамда рұқсат болмаған.
Питон Ташкент хайуанаттар бағына жөнелтілді, сарапшылар оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді