20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжіліс депутаты Ерлан Саиров сыртқы істер министрлігінің өкіліне қазіргі таңдағы Қазақстаннан шетелге заңсыз кеткен капиталды қайтару өте өзекті екенін айтып, бұл жөнінде сауалын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутат әртүрлі есеп бойынша елімізден 30 жылдың ішінде 140-160 миллиард доллар шетелге кеткенін тілге тиек етті.
Неше түрлі ығай мен сығайдың халықтың аузынан жырып алған ырыздығын қайтару өте өзекті. Осыған байланысты сұрақ Еуропа елдері мен осындай шарт жасалған ба? Ол шарттардың негізінде Қазақстанның қаржысын қайтару үшін құқықтық көмекке жүгіне аламыз ба? Егер Еуропа елдері мен тиісті шарттар жасалмаса, онда оларды жасау перспективасы қандай және ол үшін не істеу қажет, – деді Ерлан Саиров.
Бұл тұрғыда сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев бүгінгі таңда еліміз 13 еуропалық мемлекетпен құқықтық көмек көрсету туралы келісім жасасқанын айтты.
Олардың арасында Испания мен Италия, Венгрия, Румыния бар. Соның ішінде 11-і күшіне еніп, 12 елмен осындай келісімдер мен меморандумдар қаралып және пысықталып жатыр. Сыртқы істер министрлігі өз тарапынан келіссөздер ұйымдастыруға және талқылауға барынша көмек көрсететіне дайын, – деді Ермұхамбет Қоныспаев.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?