18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Қазақстанға көшіп келушілер саны 10,9% өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Алматы (6 782 адам), Астана (6 443 адам), Шымкент (241 адам) қалаларында және Алматы облысында (223 адам) халық көші-қонының оң сальдосы қалыптасты.
2023 жылғы қантар-наурызда елге көшіп келгендер саны 7 680 адам, елден кеткендер саны 2 664 адамды құрады. Көші-қон сальдосы 5 016 адамды құрады. 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 87%-ға өсті, ал кетушілер саны 49,6%-ға азайды, - делінген мәліметте.
Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында жүрген. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 90%, ал сонда кеткендердің үлесі – 69,5%.
Жалпы, 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша халық саны 19 832 737 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 259 453, ауыл тұрғындары – 7 573 284 адам.
Биылғы жылдың бірінші тоқсанында елімізде 93,5 мың бала дүниеге келсе (2021 ж. – 100,4 мың, 2022 ж. – 95,6 мың), оның ішінде 48,4 мыңы – ұл, 45,1 мыңы – қыз.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр