30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 22,1 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8%-ға жоғары, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша, 2022 жылдың үш тоқсанының көрсеткіші бүкіл 2021 жылы тартылған инвестициялар көлемімен салыстыруға болады ($23,8 млрд).
Өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар ағынының (+36,9%) ТШИ жалпы көлемінің 22,3% үлесімен $4,9 млрд деңгейіне дейін өсуі назар аударарлық. Ауыл шаруашылығында өсім 247% ($23,5 млн) құрады, құрылыста: 87,8% (684,3 млн), көтерме және бөлшек саудада: 32,6% (3,8 млрд), көлік пен қоймада: 20,1% (938,7 млн), тау-кен өнеркәсібінде: 11,7% ($10,1 млрд).
Қазақстанға ең көп инвестициялар салған елдер тізіміне Нидерланд ($5,5 млрд), АҚШ ($5 млрд), Швейцария ($2,6 млрд), Бельгия ($1,3 млрд), РФ ($1,3 млрд) және Оңтүстік Корея ($1,1 млрд) кірді. Сонымен қатар, Оңтүстік Кореядан ТШИ ағыны екіжақты қатынастар тарихында рекордтық көрсеткішке жетті.
ТШИ ағыны өсуінің оң динамикасы – елімізге инвестициялар ағынына қысым жасайтын сыртқы факторларға қарамастан, шетелдік инвесторлардың елімізге және жүргізіліп жатқан реформаларға сенімінің дәлелі.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды