Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресей Федерациясында көші-қон заңнамасына енгізілген өзгерістер күшіне енді.
Жаңа нормаларға сәйкес, шетел азаматтарының, соның ішінде қазақстандықтардың, тіркеусіз болу мерзімі 180 күннен 90 күнге дейін қысқартылды. Бұл мерзім күнтізбелік жыл ішінде кіру мен шығу санына қарамастан есептеледі.
Аталған талаптар халықаралық автокөлік тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілерге де қолданылады.
Қазіргі уақытта Ресей тарапы халықаралық тасымалдар саласында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты аталған шектеулерді қайта қарау мүмкіндігін қарастыруда.
Тиісті шешім қабылданғанға дейін қазақстандық тасымалдаушыларға өз жүргізушілерінің Ресей Федерациясы аумағында болу мерзімдерін жолға шықпас бұрын алдын ала тексеріп отыру ұсынылады. Бұл ықтимал құқықбұзушылықтарды алдын-алып, болдырмауға мүмкіндік береді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?