Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстандықтардың жеке шотында алты триллион теңге бар, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.
Ұлттық банктің мәліметінше, ел азаматтарының бұдан басқа да есепшоттарында тағы 18,2 триллион теңге жатыр, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Өткен жылдың 11 айында елдегі қолма-қол ақшасыз төлем айналымы 2022 жылмен салыстырғанда 26,5 пайызға өскен. Сондай-ақ, банк картасынан қолма-қол ақшаны шешіп алу үлесі 17,6 пайыздан 14,1 пайызға дейін төмендеген.
Тұрғындар төлемді көбіне интернет және мобильді банкинг арқылы жасайды. Мәселен, күн сайын отандастарымыз цифрлық банкинг арқылы 331 миллиард теңгеден астам сомаға 23,5 миллионнан астам транзакцияны жүзеге асырады.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады