10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы«Халықтың өмір сүру сапасы» тақырыбы бойынша үй шаруашылықтарына жүргізілген іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 53,2% (өздерінің субъективті бағалауы бойынша) өмір сүру жағдайларына қанағаттанатындарын, 46,3% – жартылай қанағаттанатындарын білдірген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ауылдық жерлерде өмір сүру жағдайына қанағаттанғандар үлесі (65,4%) қалалық жерлерге қарағанда (51,7%) жоғары.
Өткен жылғы сәйкес зерттеумен салыстырғанда, халықтың өмір сүру жағдайларына қанағаттану деңгейі 2024 жылы 52,5%-дан 2025 жылы 53,2% дейін өсті.
Респонденттердің 51% денсаулықтарына қанағаттанатындарын, 46,4% – жартылай қанағаттанатындарын айтты. Өткен жылмен салыстырғанда (2024 жылы – 49,5%), денсаулыққа қанағаттану деңгейі 1,5 пайыздық тармаққа артты.
Материалдық қамтамасыз етілу деңгейі (табысы) бойынша респонденттердің 73,6% өздерін орташа қамтамасыз етілгендер қатарына жатқызады.
Респонденттердің 65,8% туыстары немесе таныстары тарапынан моральдық қолдауға сенімді екенін көрсетті.
Сауалнамаға қатысқандардың 73% өз болашағына сенімді және келешекте жағдай жақсарады деп есептейді.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді