20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандықтар Түркияда зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек ұйымдастырып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Еліміздің барлық өңірлерінде қажетті заттарды қабылдау және сұрыптау пункттері ұйымдастырылған. Белсенді азаматтар, волонтерлер көмек есебін жүргізеді, барлық жиналған заттарды сұрыптайды, орайды. Жиналған материалдар автокөлікпен Түркия Республикасының елшіліктері мен консулдықтарына жеткізіледі.
13 ақпандағы жағдай бойынша өңірлерде 115 тонна гуманитарлық көмек жиналды (Алматы қаласы-4, Алматы облысы-68, Түркістан облысы-25, Шымкент-50, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау облыстары – 3), оның 75 тоннасы (Түркістан облысы және Шымкент қаласы) Түркияға жіберілді, сондай-ақ 32 млн теңге жиналып, тікелей Afad қорына аударылды.
Бұған қоса, Қазақстандықтар 114 ұлттық киіз үй жөнелтті.
Жалпы, халық жұмыла көтерілуде, блогерлер, кәсіпкерлер, волонтерлер мен қоғам қайраткерлері, журналистер мен жай ғана белсенді азаматтар өз үлесін қосуда.
Мәселен, жас кәсіпкер әрі блогер Асхат Нұрлыбаев пен Айдос Шайхислам Instagram парақшасында көмек ұйымдастыру бойынша белсенділік танытса, Жамбыл облысында волонтерлер 17 фура көмек жинап, Алматы консулдығына жіберуді жоспарлауда.
Өз кезегіде Ұлттық волонтелер желісі мен Қазақстандағы Қызыл Жарты-Ай қоғамы айтарлықтай жұмыстар ұйымдастыруда.
Волонтерлер көмек көрсету бойынша жұмыстың бірінші кезеңі аяқталып қалды.
Барлық жұмыстар Қазақстандағы Түрік Республикасының елшілігімен бірлесіп жүргізілуде.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?