28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазан айында 10 күн демалыс бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы айда қазақстандықтар үшін 9 әдеттегі демалыс күндері және бір мереке күн бар.
Биыл қазанның алғашқы күні жексенбіге түсті. Сондай-ақ бүгін, 1 қазанда бірнеше мереке аталып өтуде. Бұл – 1 қазан - Халықаралық қарттар күні және Радио қызметкерлері күні.
Сонымен қатар алда Ұстаздар күні мерекесі келе жатыр. Биыл Оқу-ағарту министрлігі 5 қазанды Ұстаздар күні етіп бекітті.
Дегенмен 1 қазан және 5 қазандағы мерекелерде демалыс жарияланбайды.
Еліміздің басты мерекелерінің бірі – 25 қазан Республика күні. Биыл айтулы мереке жұмыс күніне түсіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар сәрсенбі күні демалады.
Республика күні өткен жылы мерекелер тізіміне қайта енгізіліп, ұлттық мейрам дәрежесі берілген болатын.
Сонымен қазанда қазақстандықтар барлығы 10 күн демалады. Яғни бұл айда күнтізбеге сәйкес 9 күн демалыс және 1 күн мереке бар.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?