Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы2024 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтар қай жемісті көбірек тұтынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанда жемістерді тұтыну көлемі айтарлықтай артып, жан басына шаққанда орта есеппен 29 кг (тоқсанына) құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен (27,5 кг) салыстырғанда 5,4% артық. Қалалық жерлерде бұл көрсеткіш 31,2 кг, ауылдық жерлерде - 25,4 кг.
Өңірлік бөліністе жемістердің ең көп мөлшерін Астана тұрғындары тұтынған – жан басына шаққанда 37 кг. Тізім басында сондай-ақ Қызылорда және Жамбыл облыстары да бар, онда бұл көрсеткіш әрқайсысында 36 келіден, жемістерді аз тұтынатындар Маңғыстау (19,7 кг) және Абай облыстарында (16,5 кг).
Жемістердің ішінде 2024 жылдың үшінші тоқсанында қарбыз көп тұтынылды - жан басына шаққанда/тоқсанына 11,3 кг. Екінші және үшінші орындарда алма мен қауын, сәйкесінше 3,7 кг және 2,8 кг. Сондай-ақ тұтыну көлемі бойынша өрік (жан басына шаққанда 1,4 кг/тоқсанына), банан (1,3 кг) және жүзім (1,1 кг) көп болған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді