Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстандықтар қандай балмұздақты сүйіп жейтіні белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті тәтті десерт – балмұздаққа байланысты қызықты деректермен бөлісті.
Ел тұрғындары арасында түрік, француз және швейцариялық балмұздақ сұранысқа ие
Биыл қаңтар-сәуір айлары аралығында Қазақстан 910,8 мың АҚШ доллары доллар сомасына салмағы 234,2 тонна балмұздақ экспорттады. Үшінші елдерден (ЕАЭО-ға кірмейтін елдер) 1 852,9 мың АҚШ доллары сомасына 432,8 тонна импортталды. Соңғы 3 жылда балмұздақ экспорты 4 832,3 мың доллар сомасына 1 217,8 тоннаны құрады, импорт - 1 686,6 тонна, сомасы 6 453,2 мың долларға жетті, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Қазақстандық балмұздақтың негізгі сатып алушысы Өзбекстан болып отыр. Сондай-ақ отандық балмұздақ Моңғолияға, Әзірбайжанға, Түрікменстанға және Тәжікстанға жіберіледі.
Бірақ елімізде шетелдік балмұздақ жоғары сұранысқа ие. Импорттаушылардың қатарында – Франция, Швейцария, Түркия, сондай-ақ Украина, Испания, Италия, Корея және Бельгия бар.
Сонғы жылы, әсіресе, елімізде Түркия елінен әкелінген балмұздақ жоғары сұраныста екен.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары