Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанда алғаш рет шаңырақ көтеретіндердің орташа жасы ұлғайып келеді. Бұл көрсеткіш қала мен ауылда, сондай-ақ өңірлер арасында әртүрлі. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, қазақстандықтар 11 жыл бұрынғыға қарағанда отбасын кешірек құрып жатыр.
2025 жылы елімізде ер адамдар алғаш рет орта есеппен 27,9 жаста, ал әйелдер 25,3 жаста некеге тұрған. Салыстырсақ, 2014 жылы бұл көрсеткіш ерлер арасында 27,1 жас, әйелдер арасында 24,6 жас болған. Яғни, 11 жыл ішінде ерлердің алғашқы некеге тұру жасы 0,8 жылға, әйелдердікі 0,7 жылға ұлғайған.
Қала мен ауыл тұрғындарының арасында да айырмашылық бар. Қалалық ер адамдар алғаш рет орта есеппен 28,1 жаста үйленсе, ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 27,5 жасты құрайды. Ал қаладағы әйелдер орта есеппен 25,8 жаста, ауылдағы әйелдер 24,3 жаста тұрмысқа шығады.
Қай өңірдің қыздары ерте тұрмысқа шығады?
Статистикаға сүйенсек, әйелдердің алғаш некеге тұру жасы ең төмен өңір – Түркістан облысы. Мұнда қыз-келіншектер орта есеппен 22,7 жаста отбасын құрады.
Одан кейін Шымкент қаласы (23,7 жас), Жамбыл облысы (23,8 жас) және Қызылорда облысы (24 жас) тұр. Ал әйелдер ең кеш тұрмысқа шығатын өңір – Шығыс Қазақстан облысы. Мұнда алғашқы некеге тұрудың орташа жасы 27,5-ке жеткен.
Қостанай облысында бұл көрсеткіш 26,8 жасты құраса, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында 26,6–26,7 жас шамасында.
Осылайша, әйелдердің алғашқы некеге тұру жасы ең төмен және ең жоғары өңірлер арасындағы айырмашылық 4,8 жылды құрайды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?