Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанда жұмыс істейтін азаматтар емтихан тапсыру, диплом қорғау немесе оқу бағдарламаларын аяқтау үшін арнайы оқу демалысын рәсімдей алады. Бұл мүмкіндік Еңбек кодексінде қарастырылғанымен, оның мерзімі мен төлем тәртібі көбіне жұмыс берушімен жасалған келісімге байланысты болады.
Соңғы күндері Парламентте Еңбек кодексіне енгізілетін түзетулер қызу талқыланып жатыр. Соның аясында оқу демалысына қатысты нормалар да қайта қаралды. Бастапқыда Мәжілісте қаралған нұсқада мұндай демалыстың ұзақтығын алты аймен шектеу ұсынылған еді. Сонымен қатар қызметкердің жұмыс орны, лауазымы және орташа жалақысы сақталуы тиіс деген талап енгізу көзделген.
Алайда Сенат мақұлдаған соңғы редакцияда бұл өзгерістер алынып тасталды. Демек, қазақстандықтар үшін оқу демалысын беру тәртібі бұрынғы қалпында қалады.
Оқу демалысы кімдерге беріледі?
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оқу демалысы бірнеше жағдайда рәсімделеді. Атап айтқанда:
Яғни жоғары оқу орнында, колледжде немесе арнайы даярлық бағдарламаларында оқып жүрген азаматтар бұл құқықты пайдалана алады.
Ең маңызды мәселе – төлем
Заңда оқу демалысының нақты қанша күнге берілетіні немесе сол кезеңде жалақының қалай төленетіні нақты көрсетілмеген. Сондықтан негізгі шешім жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы келісімге тәуелді.
Сарапшылардың айтуынша, дәл осы тұс көптеген қызметкер үшін қиындық тудырады. Себебі кейбір мекемелер оқу демалысын ақылы түрде берсе, енді бірі жалақысыз рәсімдейді. Сондықтан еңбек шартын жасасқанда немесе қосымша келісім бекіткенде оқу мәселесіне қатысты тармақтарды нақтылап алу маңызды.
“Болашақ” бағдарламасына бөлек талап бар
Еңбек кодексінде “Болашақ” бағдарламасының стипендиаттарына қатысты арнайы норма сақталған. Оған сәйкес, шетелде білім алуға немесе тағылымдамадан өтуге жіберілген қызметкерлерге жұмыс орны сақтала отырып, оқу демалысы берілуі тиіс.
Бұл талап халықаралық білім бағдарламаларына қатысатын мамандарды қолдауға бағытталған.
Неліктен бұл мәселе маңызды?
Соңғы жылдары Қазақстанда жұмыс істей жүріп білім алатын азаматтардың саны артып келеді. Әсіресе магистратура, екінші жоғары білім немесе кәсіби біліктілікті арттыру бағдарламаларына қызығушылық жоғары. Осындай жағдайда оқу демалысының нақты әрі түсінікті механизмін қалыптастыру еңбек нарығы үшін маңызды факторға айналып отыр.
Мамандардың пікірінше, болашақта оқу демалысына қатысты бірыңғай талап енгізілсе, қызметкерлердің білімін жетілдіруге деген ынтасы артып, жұмыс пен оқуды қатар алып жүру жеңілдей түсуі мүмкін.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?